Перейти к содержимому страницы.

«ТАЗА СЕССИЯ» ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ АКЦИЯ

22.05.2019

2019 жылдың 20 мамырдан бастап, Университетімізде «Таза сессия» атты кең ауқымды жемқорлыққа қарсы акция басталды.

Акцияның негізгі мақсаты - жемқорлыққа қарсы әрекет ету, білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың тиімді және пәрменді алдын алуға бағытталған шаралардың айқындылығын қамтамасыз ету және нығайту болып табылады.

"Таза сессия" акциясы шеңберінде университетте білім беру ортасындағы бейресми қарым-қатынас пен сыбайлас жемқорлықты болдырмауға бағытталған емтихандық сессияның объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету бойынша сауалнама ұйымдастырылды.

ҚҰСМАНОВА Мадина Шалқарқызы

Жастар саясаты департаменті маманы

">