Перейти к содержимому страницы.

«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КҮНІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ БІРЫҢҒАЙ САҒАТ

07.12.2018

2018 жылдың 7 желтоқсанында ПМПУ-дың кіші залында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық күні» тақырыбында бірыңғай сағат өтті.

Студенттер БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні 9 желтоқсан күнінде тойлайтынын, бұл күні Мексикада қол қою үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенция ашылғанын білді.

Оларға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының негізгі баптары түсіндірілді.

Сондай-ақ студенттер ПМПУ базасында құрылған Студенттерге қызмет көрсету орталығының құрылуы туралы ақпарат алды.

Наурызбай ҚАРШЫҒАНОВ, Жастар саясаты департаменті

 

">