Перейти к содержимому страницы.

«СЕРГЕКТІК ПЕН ДЕНСАУЛЫҚ» БІРІНШІ УНИВЕРСИТЕТ СПАРТАКИАДАСЫ

09.01.2019

ПМПУ-да 8-17 қаңтар аралығында оқытушылар мен қызметкерлер арасында «Сергектік пен денсаулық» атты бірінші университетішілік спартакиада өтуде. Шараның мақсаты – университет қызметкерлерінің спорт және дене шынықтыруға деген қызығушылықтарын арттыру, спорт түрлері бойынша университет құрама командасын жасақтау, сондай-ақ жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Спартакиаданың ашылуында сөз сөйлеген Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Нығманов Мақсат Сейткенұлы барлық қатысушыларға жеңіс пен сәттілік тіледі.

Болат Жұмаділов: «Бұндай спартакиада оқу орнымызда негізінен жыл сайын ұйымдастырып келеді. Өзім биыл жетінші рет қатысудамын. Кафедра мұғалімдері де белсенді қатысуда. Былтыр волейбол жарысынан 1-орын алған болатынбыз», - дейді Жаратылыстану факультетінің деканы.  

 Спартакиадаға 7 құрама команда қатысады:

  • Әкімшілік командасы
  • Гуманитарлық факультет
  • Жаратылыстану факультеті
  • Өнер және спорт факультеті
  • Колледж
  • Жастар саясаты департаменті
  • Шаруашылық департаменті

Командалар волейбол, баскетбол, мини-футбол, үстел теннисі және шахмат ойындары бойынша жарысқа түседі. Жеңімпаз команда ПМПУ-дың кубогіне ие болады.

Қасымхан МҰХИТОВ, ПМПУ Баспасөз қызметі

 

">