Перейти к содержимому страницы.

«PROJECT DAY» ЧЕМПИОНАТЫ

24.04.2019

16 сәуірде Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде Eurasian Resources Group (ERG)-тың қолдауымен Алматы менеджмент университетімен бірлесе отырып, «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасының шеңберінде креатривті шығармашылық чемпионат өткізілді. Оған кәсіпкерлік және іскерлік дағдыларды дамытуға қызығушылығы мол белсенді студенттер қатысты. Іс-шараны «Кәсіпкерлікті дамыту жәнеm инновацияларды дамыту орталығы» (CRPI) AlmaU жобасының менеджері Динара Рысбекова өткізді.

«PROJECT DAY» - әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы бизнес-жобалар немесе жобаларды құру бойынша чемпионат. «Студенттік кәсіпкерлік экожүйесіне» жобасына қатысушы студенттер өз жобаларын 4 сағаттың ішінде жасап, әрі дамыту бойынша жетілдіріп барып, қазылар алқасына ұсынды.

Бизнес-ойынның мақсаты: кәсіпкерлікті жастар арасында тиімді өмірлік стратегия ретінде алға жылжыту, сондай-ақ экономикалық және кәсіпкерлік салаларда жастардың әлеуетін дамыту, әртүрлі өңірлер мен университеттердің әртүрлі құзыреттілігі бар студенттер арасындағы байланыстарды қалыптастыру, студенттердің командалық жұмыстары мен жобаларын таныстыру дағдыларын дамыту. Жобаға қатысу үшін 18 команда тіркелді.

Қазылар алқасы құрамына «Қазақстан алюминийі» АҚ Корпоративтік байланыс қызметінің басшысы Ольга Вареньова; Динара Рысбекова - «AlmaU» Кәсіпкерлікті және инновацияларды дамыту орталығының (TISC) жобалық менеджері; Арейкель Серенович Хидиян - Павлодар қаласындағы «Linguastan» тілдік мектебінің директоры және университеттің ғылыми жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Елмұратова Бақытгүл Амантайқызы кірді. Жобаларды бағалаудың басты критерийі - оның қазіргі уақытта жүгезе асу мүмкіндігі. Критерийлер бойынша үш жобаны таңдап алдық – солардың бірі- «Жалын» командасының жобасы, олар косметологиялық қызметтерді ахатин ұлулары көмегімен жасау әдісін ұсынды. Бұны Қазақстанда теңдесі жоқ бірегей жоба деп атауға негіз бар. Екінші команда құрамына жаратылыстану факультеті ХБ-11 тобының Самандар Умарбеков, Разалия Бейсенбекова, Сез Елжан, Замзагүл Аралова, Диана Жанпеисова сияқты студенттері кірген «Natural» командасы. Олар табиғи ингредиенттерден шампунь және сабын жасады.

Сонымен қатар, екінші күні, яғни. 17 сәуірде жастар арасында тиімді өмір салты стратегиясы ретінде кәсіпкерлікті насихаттауға бағытталған «Кемел кәсіпкер» бизнес-кейс чемпионаты өткізілді. Бұл чемпионатты «Кәсіпкерлікті дамыту және инновацияларды дамыту орталығы» (TISC) АлмаУ жобасының менеджері Әсем Кабулова өткізді. Eurasian Resources Group (ERG) компаниясының өкілі Еуразиялық топтың Корпоративтік коммуникациялар департаментінің бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жасау жөніндегі сарапшы Жанболат Серікбай екенін атап өту керек. Сонымен қатар, Microsoft кеңсесінде алғашқы видеоконференция өтті. Олар университет студенттерінің түрлі топтары үшін әр түрлі тапсырмалар берді. Оқушыларға арналған бұл тапсырмалар жаңалық болғандығын айта кету керек, команда мүшелері өздері түсінбеген және тіпті идеялары жоқ шешімдер қабылдады, іскерлік мәселелерді шешу үшін түрлі және қызықты идеяларды ұсынды. Сол күні Чемпионат жеңімпаздары марапатталды. Байқаудың жеңімпаздары «Жалын» командасы жаратылыстану факультеті ХБ-11 тобының - Бердімұрат Ақкерке, Болат Арайлым, Бөлекбаева Аян, Ғабит Перизат, Досымжанова Сәуле ияқты студенттерінен құралған. Олар өздерін жақсы жағынан көрсетіп, қойлыған барлық сұрақтарға белсене жауап берді. Сонымен қатар гуманитарлық факультеттің ШТа-23 тобының студенті Камелов Алишер, жаратылыстану факультетінің Д-11 тобының студенті Амантаева Аида, осы факультеттің ХБ-11 обының сидуенті Жәнібек Динара сиықты студенттер ерекше белсенділігімен танылды. Осы екі күннің қорытындысы бойынша жеңімпаз команда мен үш белсенді қатысушы «Bigldeas Camp» кәсіпкерлерінің жазғы демалыс лагеріне жолдама алды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!! Осы сәттің артықшылығын пайдаланып, біз осындай атмосфераға түсіп, жаңа нәрсені көруге мүмкіндік беретін ERG және AlmaU компаниясына алғыс айтамыз

Қабылбек ОМАРОВ, Коммерцияландыру және кәсіпкерліктіңбөлімінің
басшысы
Аударған: Жанасыл СЕРІКБОЛ

">