Перейти к содержимому страницы.

«OLYMPIC ENTREPRENEURIAL GAMES» ОЛИМПИАДАЛЫҚ БИЗНЕС ОЙЫНДАРЫ

04.12.2018

28-30 қараша аралығында Астана қаласында «Olympic Entrepreneurial Games» – Astana  Hub-та олимпиадалық бизнес ойындары өтті. Оған ПМПУ-дың студенттері: Әлібек Асия, Амантаева Аида, Байжанова Айнаш, Касамбаева Жанель, Қуренбаева Айдана, Мырзағожа Мәдина және Нұрбаева Айжан қатысты.

 

Бұл шараға қонақтардан: Бағлан Айдашов, Анна Пацук, Лиана Шуликова, Диас Нұрғожин, Евгений Волков, Зере Нұғманова, Станислав Гросс, Абылай Юсупов, Әлішер Елікбаев, Ксения Южанханова, Әсел Шетиева, Асхат Сергазин қатысты.

 

Барлық қонақтар кәсіпкерлік саладағы өздерінің тәжірибелерімен бөлісті: бизнесті қалай бастағандығы жайлы, қандай бизнес-жобалар іске асырылды және қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан проектілер жайлы пікірлермен бөлісіп, кеңестерін айтты.

 

Барлық  тренингтер трекке таратылып, форумның өзі сөйлеушілер мен аудиторияны жақындастыру үшін «анти-конференция» режимінде өткізілді. Әрбір трекке келесі кәсіпкерлер қатысты: Абылай Юсупов, Әлішер Елікбаев, Ксения Согернер, Әсел Шетиева, Әділ Игембердиев, Әсел Қожақова және Асхат Сергазин.

 

Кәсіпкерлер өз бизнесін қалай құру және қалай іске қосу туралы айтты. Аймақтағы кәсіпкерлік қоғамдастықты құру және жеке кәсіпкерлік брендін құру туралы сөз болды.


EXPO аумағында Астана хабының аумағында мазмұнды экскурсия ұйымдастырылып, Astana Hub резиденттарымен әңгімелесу мүмкіндігі ұсынылды.
Тректердің бірінде әлеуметтік кәсіпкерлік пен оның артықшылықтары, келешегі талқыланды, «Meikaton» ТОМ: Қазақстан» жобасы көрсетілді.
PR маман Алишер Елікбаев кәсіпкердің жеке бренді туралы айтып, өзіңізді неге танымал қылуыңыз керек деген сауалға жауап іздеп, жұртшылық алдында сөйлеуде туындайтын қиындықтар жайлы тоқталды.

 

Кездесудің барлық қатысушылары топтарға бөлініп, өздерінің презентацияларын қорғады. Кездесуінің "Meet up" – шешуші күнінде қазылар алқасы Қазақстанның әр қалаларынан жеңімпаз 25 студентті іріктеді. Олар ERG-да тәжірибе өтуге мүмкіндік алды.

">