Перейти к содержимому страницы.

«Margulan Centre» Орталық жобалау кеңсесінің қонақтарын қарсы алды

19.06.2018

«Margulan Centre» Орталық жобалау кеңсесінің қонақтарын қарсы алды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында Орталық жобалау кеңсесінің мүшелері Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде болып қайтты. Шақырылған қонақтар арасында: «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-практикалық орталығының басшысының орынбасары Батырхан Жұмабаев, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының жетекші ғылыми қызметкері Ботагөз Ахметова, ҚР аймақтық медиа-жоспарлау бөлімінің бас маманы Бақытты Алгужина болды.

Делегацияның келу бағдарламасы аясында, 2018 жылдың 19 маусымында ПМПУ «Марғұлан орталығының» тұсаукесері өтті. Айтулы орталық  Павлодар қаласының Астана көшесінде орналасқан. Орталық территориясында  Сұлтанбет сұлтан үйінің қалпына келтірілген нұсқасы тұр. Архитектуралық құрылыс өзінің ауқымымен ғана емес, ерекше сәнділігімен де көзге түседі. Жобалаушылар құрылысты XVIII ғасырдың экзотикалық сәнінде орындаған. Делегаттар ғимарат ішіндегі экспонаттармен танысып, орталық жұмысынан хабар алды. Қонақтарға Сұлтанбеттің өмірі мен қызметі жайлы деректер айтылды. Кереку төсінде өмір сүрген қыпшақ ұлысының басшысы Сұлтанбет сұлтанның естелігі осылайша қайта жанданып, тарихи жәдігер ретінде көпшілікке қайтадан ұсынылып отыр.

Сондай-ақ, ПМПУ-дың ректоры Алтынбек Нұхұлы университет сайтында «Рухани жаңғыру» секциясын ұсынды. Орталық жобалау кеңсесінің мүшелері жобаның өлкетану мен тарихи мұраға қосатын мәнділігін баса айтты.  

 

">