Перейти к содержимому страницы.

«КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ – 2018»

06.11.2018

6 қараша күні Педагогикалық факультетте Психология кафедрасының ұйымдастыруымен 1-2 курс арасында «Күз ханшайымы – 2018» байқауы өтті. Байқауға Ақылбекова Аида (ПжП-11қ), Циммерман Ангелина (ӘПжӨ-12), Исабекова Балнұр (БОПмӘ-11), Мейрам Айерке  (БОПмӘ-13) топ студенттері қатысты.

Қатысушылар байқау барысында өз өнерлерін барынан көрсетті. Алдын ала үш фотосурет жасап, өздерінің керемет күздік сән үлгілерін, шығармашылық нөмірлерін таныстырды. Қызықты сайыстың қорытындысы бойынша қатысушылардың барлығы түрлі номинациялармен марапатталып, "Күз ханшайымы" атағы «Бастауыш білім беру» мамандығында оқитын – Исабекова Балнұрға бұйырды.

 Ұйымдастырылған байқауымыз жоғары деңгейде өтті. Көрермендер өз ризашылықтарын білдіріп, жақсы көңіл-күймен тарқасты.

 Меруерт УТЕГЕНОВА, Педагогикалық факультет

">