Перейти к содержимому страницы.

«ЕНАКТУС» ТОБЫ «BEESINESS: ПЧЕЛИНОЕ ДЕЛО» БИЗНЕС ОЙЫНЫ БОЙЫНША МАСТЕР-КЛАСС ӨТКІЗДІ

24.04.2019

Құрамында Кенжебек Арман, Ирисматова Чарос және Баринова Меруерт атты студенттерден тұратын «Энактус» тобы дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицейде, дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» КММ, дарынды балаларға арналған облыстық көпсалалы лицей-интернатында (ДБОКЛИ), №17 ЖОББМ, № 21 ЖОББМ, № 29 ЖОББМ және дарынды балаларға арналған №3 гимназия оқушыларымен бизнес-ойын бойынша мастер-класс өткізді.

Бұл жоба балалар үшін қолжетімді ойын ортасында қаржылық сауаттылық негіздерін және өзара іс-қимылдың түрлі нысандарын игеруге мүмкіндік береді, кәсіпкерлік ойлау негіздерін дамытады және дәстүрлі оқыту мен білім алудан айтарлықтай ерекшеленеді.

Қаржылық сауаттылықты және кәсіпкерлік ойлауды жан-жақты дамыту мақсатында біз өңір мектптерінде «Beesiness: Пчелиное дело» атты кәсіпкерлік ойынын ұйымдастыруды бастадық.

«Beesiness: Пчелиное дело» үстел ойыны бұл - өте қызықты әрі экономикалық сауаттылықты дамытатын ойын. Ойын барысында мектеп оқушылары өздерінің алғашқы кәсіптерін жасап, дамытады, немесе кәсіптерін жоғалтады.

 

Ойын оқушыларға еңбексүйгіш аралармен бірге адам сенгісіз кремет экономикалық саяхат жасауға мүмкіндік береді. Алғаш рет оқушылар өздерінің жеке алғашқы кәсіптерін аша алады, дамыта алады, өз кәсіптері үшін ммлекеттен бонустар мен жеңілдіктер алады және уақыттарын үнемді пайдаланып, еңбекқорлықпен жұмыс жасауға тырысады.

Ойын қатысушылардың өз кәсіптерән дамыту барысындағы қызықты да тартысты экономикалық жарысуды қамтиды. Ойын басында әр қатысушыға бірдей денгейдегі бастапқы кәсіптер беріледі. Барлық ойыншылар өз жеке кәсіптерін құратын және қажетті инвестицияны ұтымды кәсіптерге салатын және әр қадамдарын ойлап жасайтын, тіпті қажет болған жағдайда айыптаушылармен соттаса даалатын еңбекқор араларға айналады.

Адал әрі шыншыл араның өз беделін сақтап қалу барысында өте қызықты да қиын жолды басып өтуі қажет.

Ойынға кем дегенде 2 адам, артығымен 6 адам ғана қатыса алады.

Атап өткен жөн, Павлодар қаласының білім бөлімінің қолдауымен біз бұл ойын түрін 8 мектепте жүргізудеміз. Сонымен қатар, мамыр айында мектеп оқушылары арасында чемпионат өткізуді жоспарлаудамыз.

Автор: коммерциялау және кәсіпкерлік бөлімінің

бастығы Омаров К.С.

 

">