Перейти к содержимому страницы.

«ENACTUS KAZAKHSTAN TOP FUTURE TOP LEADERSHIP FORUM» ІСКЕРЛІК ФОРУМЫ

04.12.2018

22-24 қарашада Алматы қаласында жыл сайын өткізілетін «Enactus Kazakhstan Top Future Top Leadership Forum» іскерлік форумы болды. Шарада жобалардың көрмесіне бөленіп, әр қаладан келген студенттермен тәжірибиемен алмастық.

Форумның алғашқы күнінде біз Туран университетіне барып, тарихына бір үңілдік. Командалық эдвайзерлерге, капитандарға, вице-капитандарға және жоба менеджерлеріне арналған жаттығулар болды.

Энактустың бірінші курс студенттеріне арналған тренингтер өте қызықты өтті. Біз жобалар жайлы және командалық рух туралы ақпаратпен бөлістік. Көшбасшылық туралы білімімізді кеңейтіп, жетекші болудың жаңа қырларымен таңыстық.  Тренинг өзіміз үшін көптеген жаңашылдықтардың қырын ашты. Көшбасшылық деген не? Оның басты қасиеттері қандай болуы керек? Көшбасшының негізгі әдеттері қандай?  Командамен жұмыс істеу барысы мен көшбасшылықтың алты негізгі бағыттары айтылды.

Осыдан кейін Enactus Dulaty командасының капитаны өзінің тәжірибесімен бөлісті. Жаңа бастаған командаларға кеңес беріп, көшбасшылық жолындағы тәжірибесі туралы және жобаны дамытудың негізгі сәттерін айтып берді. Энактустың негізгі ережелері жайлы сөз қозғады. Жетістікке жеткен көшбасшымен тілдесу біз үшін үлкен мүмкіндік берді. Біздің жобаларымызды жүзеге асыру үшін алынған кәсіпкерлік білімді пайдаланып, өзге командалардың жіберген қателіктерінен сабақ алып, өз ісімізде бұл кемшіліктерді қолдануға жол бермейміз деген шешімге келдік.

Соңында Enactus Kazakhstan компаниясының PR-менеджері сөз сөйледі. Жеткен жетістіктерімен қатар ұлттық және әлемдік кубок жайлы бізді хабардар етті. Жыл сайын Сан-Хосе қаласында өткізілетін чемпионат туралы айтып өтті.

Келесі күні «Enactus Kazakhstan»  компаниясы өкілдерімен кездесіп, Астана, Тараз, Семей, Қарағанды, Алматы, Ақтау қалаларындағы түрлі командалардың мүшелерімен таңыстық.

Бизнес-жобалар көрсетілімінен кейін Enactus Kazakhstan форумы салтанатты түрде ашылды. Ашылу рәсімінде ұлттық студенттік кәсіпкерлік кубогы командаларының шеруі өтті. Барлық Enactus командалары өздерінің ұрандарын алға тартты.

Кейін біз Бизнесмендермен, Энактустың маңызды тұлғаларымен және Enactus Kazakhstan президенті Альбина Мейірбековамен кездесіп, командамыздың алға жылжуына шабыт пен күш алдық. Альбина Мейірбекова өз сөзінде жарты жылда командамыздың өсіп, нәтижесін көріп отырғандығына қатты қуанды. Бұл форум бізге жаңа шыңдарды бағындыру үшін жол ашады деп ойлаймыз. Ал бастысы келешекте міндетті түрде Энактустың Президентімен кездесуді жоспарлап қойдық.

Enactus ПГПУ студенттері

 

">