Перейти к содержимому страницы.

«ЕСІРТКІМЕН КҮРЕС»

26.04.2019

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің «Жастар саясаты» басқармасының бастығы Ғабит Хафизұлының жолдамасымен: «География және химия» кафедрасы - ХМ-31 тобының студенті Тұрлыбекова Әйгерім Дәулетханқызы «Ертіс» телеарнасына барып, сұхбат беріп қайтты.

Сұхбат: «Тұрғын үй кіреберістерінде есірткі заттарын жариялайтын сайттардың сілтемесін жазып жүрген кімдер? Тыйым салынған заттарды белгілі жерлерге жасыра отырып, есірткі бизнесін қыздырған қылмыстық топтармен қандай күрес жүргізіледі? Есірткі саудалайтын интернет-дүкен ашып, жастарды оған еліттіріп жүргендердің жолын кесуді тапсырған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы қалай орындалуда?»

«1 студия» бағдарламасында осы тақырып аясында қызу талқы ұйымдастырылған болатын. Хабарға есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл полиция басшылары, емдеу мекемелерінің өкілдері қатысты. Бағдарлама 23 сәуір, сағат 19-00-де «ERTIS» телеарнасында тікелей эфирінде өткізілді.

 

Эльмира ТУЛЕУБАЕВА

география және химия кафедрасының лаборанты

">