Перейти к содержимому страницы.

«ДАРХАН ДАЛАМНЫҢ ДАНЫШПАН ПЕРЗЕНТІ»

07.12.2018

Е. Бекмаханов атындағы ғылыми кітапханасында «Бір ел бір кітап» акциясы аясында әдеби-музыкалық кеш өтті.

Шара ХХ ғасырдың таңғажайып ақыны, қалың қазағының аяулы ұлына айналған Немат Келімбетовтың өмірі мен шығармашылығына арналды. Ол ғұмыр бойы қазақ ғылымына еңбек сіңірген қайраткер. Түрколог ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Гуманитарлық ғылымдар академиясының  академигі.

Кеш барысында көпшілікке Немат Келімбетовтың кезінде жоғары бағаға ие болған «Парасатты ой иесі», «Ежелгі дәуір әдебиеті», «Ежелгі әдеби жәдігерлер», «Үміт үзгім келмейді» сияқты кітаптары виртуалды көрме ретінде ұсынылды. Осындай еңбектері үшін Н.Келімбетов көптеген сыйлықтар мен марапаттарға ие болған.

Өнерлі студенттер әдеби кешті әсем әнмен әрледі. Шара соңында көрермендер Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологы бойынша студенттердің сахналауындағы драмалық қойылымды тамашалады.

Айгүл СӘЛІМБАЕВА, Е.Бекмаханов атындағы кітапхана

">