Перейти к содержимому страницы.

«АСАР» ЖӘРМЕҢКЕСІ

23.05.2019

2019 жылдың 23 мамыр күні Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде Жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен, жалғыз басты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету мақсатында, «АСАР» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңкеге университет қызметкерлері мен студенттер белсенді атсалысты. Университет белсенділері өз қолымен дайындаған заттарын сатылымға қойды

Жәрмеңкеде жиналған барлық қор «Самал» қалпына келтіру орталығына тапсырылды.

Іс-шара белсене қатысып, демеушілік көрсеткені үшін:

@beauty_shop_pvl

@redmoon_sushi_pavlodar

@tortiliya_pavlodar

@tortiki_asya_pvl алғысымызды білдіреміз!

Жақсылық жасап жарысайық!

 

Басқа мекемелер мен ұжымдарды осы бастаманы қолдауға шақырамыз!

ҚҰСМАНОВА Мадина

Жастар саясаты департаменті маманы

">