Перейти к содержимому страницы.

«ART TRASH» СӘН КӨРСЕТІЛІМІ

30.11.2018

Ағаш көркі – жапырақ, адам көркі – шүберек дейді. Сәнді киім адамның ажарын келтіріп, кейпін ашады. Сән – жоғары талғамға сай киім кию мәдениеті, сұлулықтың бірден-бір өлшемі болып табылады. Сән ұғымы заман талғамына сай өзгеріп, жаңарып отырады. Бүгінгі таңда оның қалыптасқан стильдік өлшемдері мен түрлері көп.

Жаңа заман талғамына сай сәндік үлгілердің кездемесі де сан түрлі келеді. Соңғы жылдары экологиялық мәселелердің ушығып бара жатқандығы ешкімге құпия емес. Соған орай сән әлемінде жеке бағыттың – «Art Trash» ағымының (қоқыстан жасалған киім) тууына себепкер болды. Мұндағы мақсат – жарамсыз қоқыстың да кәдеге жарайтындығын көрсету.   

Қарашаның 28-і күні ПМПУ-дың акт залында Кәсіптік оқыту кафедрасының бастамасымен «Тұрмыстық қалдық заттардан жасалған» киім үлгілерінің көрмесі ұйымдастырылды. Оған университеттің Кәсіптік оқыту кафедрасы мен Бейнелеу өнері мамандығының бірінші және екінші курс студенттері қатысты.

Сән көрсетілімі 4 кезеңнен тұратын конкурстардан құралды. Подиумға шыққан студенттердің сәндік киім үлгілері классикалық, готикалық және ұлттық стильдегі үлгілерде тігілген. Бұл көрсетілім алдағы көктемде өтетін қалалық фестиваль байқауына дайындық есебінде ұйымдастырылып отыр.

Қасымхан МҰХИТОВ, ПМПУ Баспасөз қызметі

">