Перейти к содержимому страницы.

«АҢЫЗДАЙ БОЛҒАН АҢЫЗ ТҰЛҒА»

10.10.2019

       2019 жылы 9 қазан күні Е. Бекмаханов атындағы кітапхана республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» шығармасы бойынша оқырмандар конференциясын ұйымдастырды. Конференцияға ПМПУ студенттері және педагогикалық колледжінің оқушылары қатысты. Филология ғылымдарының кандидаты, қазақ тілі және әдебиетінің кафедрасының доценті Әділбек Әміренов Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығынан кеңірек баян етті. Оқырмандар конференциясы барысында ПМПУ студенттері Р. Бауыржан, Ә. Әбдіқұл,       Т. Ахтанов, М. Омарова, Б. Жұмабай,  Н. Сироткина Әбіш Кекілбаевтың шығармасы бойынша образдарды талдай отырып, шығарма кейіпкерлерінің психологиялық болмысы, жан сезімі, ішкі ой әлемі ерекше есте қаларлықтай берілгеніне тоқталып өтті.  Педагогикалық колледж студенті А. Құсаинова, А.Сейтақ  «Ғасыр кемеңгері» арнау өлеңін жатқа оқыды. Конференция соңында музыкалық білім беру кафедрасының студенті Ержанов Алмаздың орындауында «Қазақстан», «Сұлуым» әндерін шырқады.

Abish

Abish2

Abish3

Abish4

       «Әбіш Кекілбаев әлемі» атты тақырыпта кітап көрмесі жасақталып, жазушының шығармалары мен мерзімді басылым беттерінде жарық көрген материалдары қойылып, оқырмандарға ұсынылды. Әбіш Кекілбаев шығармашылығына арналған слайд-презентация көрсетілді.

Е. Бекмаханов атындағы кітапхана қызметкері Ф.Мусина

">