Перейти к содержимому страницы.

«ҰМЫТЫЛМАС ТАҒДЫРЛАР» АТТЫ ЕСКЕ АЛУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

31.05.2019

31 мамыр күні Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарды еске алу күніне орай, Жастар саясаты департаменті мен Тарих және Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасының ұйымдастыруымен, «Ұмытылмас тағдырлар...»  атты еске алу жиыны өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінің маңызын түсіндіріп, тарихтан тағлым алуға, өткенге тағзым етуге тәрбиелеу. Жиында, Тарих және Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасының ұстаздары – тарих ғылымдарының кандидаттары, доцент – Аманова Асель «Павлодар Ертіс өңірінде қуғын-сүргінге ұшырағандардың тарихы мен тағдыры (мұрағаттық материалдар негізінде)», Канафин Канат «Немістерді Қазақстанға жер аудару (Павлодар облысы мысалында)» атты баяндаманы оқыды.

Сонымен қатар, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарымен түсірілген арнайы бейнеролик көрсетілді. Жиын соңында, университетіміздің белсенді студенттері, құрбан болған ақын-жазушыларымызға арналған арнаулар мен өлеңдер оқып көпшілікті тебірентті.

Аталмыш іс-шараның тәрбиелік маңызы зор болғандықтан,университетміміздің жас ұстаздар мен қызметкерлері және студенттер қатысып, өзара пікір алмасты.

 

ҚҰСМАНОВА Мадина

Жастар саясаты департаменті маманы

 

">