Перейти к содержимому страницы.

«Көктем аруы» қыз сыны

17.03.2017

ПМПИ-да жылда өтетін «Көктем аруы»  қыз сыны байқауы биыл наурыздың 16-на келді. Бұл жолы байқау «Педагогика және спорт» факультетінің  аға оқытушысы Н.А.Бейсембаеваның ұйымдастыруымен өтті. Байқауда қыздар бес сайыс түрлерінен жарысқа түсті. Атап айтсақ: таныстыру, өз өнерін көрсету, викториналық сұрақтар (салт-дәстүр, әдет-ғұрып), «Астың дәмін тұз келтірер» (қазақтың ұлттық тағамдары және оған сипаттама беру), «Жаңа ғасыр – жаңа стиль» (сән үлгілері, оны сипаттау).

Бұл байқаудың мақсаты  жастарға ұлттық құндылықтарды насихаттау, салт-дәстүрді дәріптеуге баулу. Қыз балалардың көркемдік талғамын қалыптастыру, жан-жақты білімді болуға, имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік негізінде тәрбиелеу болып табылады.

Ару қыздар өз өнерлерін көрсетуде ұлттық нақыштағы киімдерімен, әсем әндерімен, мың бұралған билерімен, тапқырлықтарымен, шеберліктерімен, инабатты болмыстарымен, сымбатты көріктерімен көрермендерді тәнті етті.

Байқауға Пернебек Жадыра, Малышева Камилла, Тәңірберген Дәметкен, Көпжасарова Аружан, Махаббат Ақмарал, Өміртай Зарина, Байгерей Жансая, Әбілдәбек Ақнұр, Солтанғожина Фатима қатысып бақтарын сынады.

Байқаудың қорытындысы бойынша 1-орынды Пернебек Жадыра, 2-орынды Өміртай Зарина, 3-орынды Әбілдәбек Ақнұр иеленсе, ПМПИ-ң  «Көктем аруы-2017»  байқауының бас жүлдесі Көпжасарова Аружанға бұйырды. Бұдан бөлек байқаудың қалған  қатысушылары арасында бірнеше номинация бойынша әзірленген марапаттар да өз иелерін тапты.

Байқау соңында жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен жүлделер табысталды.

">