Перейти к содержимому страницы.

Е. БЕКМАХАНОВТЫҢ 105 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ОҚЫРМАН КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

11.03.2020

Е. Бекмаханов атындағы ғылыми кітапханада Ермұхан Бекмахановтың "Қазақстан XIX ғасырдың 20-шы және 40-шы жылдары " атты кітабы бойынша оқырман конференциясы өтті. Конференцияға студенттер, оқытушы және кітапханашылар қатысты. Конференцияны қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Қарлығаш Жақыпова ашты, бүгінгі кездесу дарынды ғалым-тарихшы, бірінші ғылым докторы, профессор Ермұхан Бекмаханов жерлесіміздің өмірі мен қызметіне арналғанын атап өтті. Содан соң студенттерге гуманитарлық Жоғарғы мектебінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Сабданбекова Зәмзәгүл Әбіләшовна сөз сөйледі. Ол көрермендерге белгілі тарихшы-ғалымның қиын өмірі туралы, Бекмахановтың Қазақстан тарих ғылымына қосқан үлесі туралы айтып берді. Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің тарих және дінтану 11 тобының студенттері Болат Сәнім, Кабдрахманова Айда, Нуканова Дильназ, Сайлауов Елнұр, Сейтқазы Ризабек мынадай тақырыпта: Кенесары көтерілісінің қозғаушы күштері; Саржан мен Жоламанның өз-өзінен басталған көтерілісі (20-30 жылдары); Орта жүздегі көтеріліс; Қоқанмен күрес. Торғай облысындағы көтеріліс; Кенесары хандығының ішкі құрылысы жайында ой бөлісті. «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» оқылған кітап бойынша студенттер өз баяндамаларында тарихи зерттеу жүргізді әрі мазмұнды пікір алмасу өтті. Сөз соңында Е.Бекмаханов халық ағарту саласына, Қазақстан мектептерінің дамуына зор үлес қосқан педагог ғалым. Оның өмірі мен қызметі жас ұрпаққа тәлім-тәрбиесі мол ұлағатты іс деп түйінделді .

ергокур

укеро

 

">