Перейти к содержимому страницы.

Ректор блогы

Қымбатты жолдастар!

Сіздерді өзімнің жеке блогымда қарсы алуға қуаныштымын!

Еліміздің жетекші педагогикалық ЖОО болып табылатын Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетi 55 жыл бойы өз студенттерін сапалы біліммен қамтамасыз етіп келеді. Біз отандық жоғары мектептің дәстүрлерін ұқыпты сақтай отыра, білім беру саласының озық үрдістеріне сүйене отырып, белсенді түрде дамып келеміз.

ПМПУ  заманауи үрдістерге сай тұрақты және дамып келе жатқан жоғары оқу орны ретінде білім беру нарығында өзін ұсынды.

2016 жылы Қазақстанның педагогикалық жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингінде үшінші орынға ие болып, үздік жоғары оқу орындарының ондығына енді. 2012 жылы ЖОО «EUROPEAN QUALITY» атты халықаралық марапатқа ие болды. ЖОО Германия мен Қазақстанның тәуелсіз аккредитациондық агенттіктерінің барлық білім беру бағдарламаларының институционалдық және мамандырылған аккредитациясынан өтті.

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетiнiң түлектері өз білімдерін жетілдіруге және өзін-өзі дамытуға қабілетті жақсы мамандар, шығармашылық тұлғалар ретінде бүкіл республикаға танымал.

Трансшекаралық білімді дамыту бойынша ПМПУ Қазақстан мен Ресейдің педагогикалық ЖОО Қауымдастықтарын құрушы және Азия университеттерінің Қауымдастығына кіреді. Біздің серіктестер – Ұлыбритания, Малайзия, Польша, Венгрия, Болгария, Германия, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанның үздік университеттері.

Жоғары оқу орны ретінде ПМПУ-ді таңдау  - атақты ғалымдар мен оқытушылардың жетекшілігімен алынатын сапалы білімнің кепілі ғана емес, сондай-ақ студенттік өмірден жарқын әсер алу.

Ректор блогы – ЖОО тіршілік әрекетіне қатысты сұрақтарды кең ауқымда талқылауға болатын интербелсенді алаң. Мен сіздерді қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап беруге тырысамын. Мен, ректор блогының ЖОО бүкіл құрылымдары мен сапалы білім беру үдерісінің бақылауы мен айқындылығын жоғарылатып, қызметкерлер мен студенттердің мәселелерін шешіп бере алатынына сенімдімін.