Перейти к содержимому страницы.

4 МАУСЫМ - МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ

04.06.2020

          Бүгін елдігімізді, мемлекеттігімізді айшықтайтын рәміздер күні. Тәуелсіздігіміздің басты символдары: туы мен елтаңбасы және әнұраны. 1992 жылдан бері алтын шаңырақпен әспеттелген, пырақ бейнелі Елтаңбамыз, аспан түстес Туымыз төрімізде тұрса, әнұранымызды әр ұрпақ әр таң сайын шаттықпен орындап келеді. Бүгінгі ұрпақ көріп отырған ең үлкен бақыт осы. 2007 жылы 4-маусым күні «Қазақстан Республикасының рәміздері туралы» заң қабылданып, әр жылдың осы күні рәміздер күні ретінде бекітілді. Бұл – ел тұрғындарының отан cүю сезімін арттыра түсетін мерейлі күн екендігі сөзсіз.

       Туымыз алғаш көтеріліп, әнұранымыз алғаш айтылған күн бәріміздің есімізде шығар. Тәуелсіздіктің ақ таңы атқан кез бәріміздің жүрегімізді тербеді. Сол  кезден бері ұлттық рәміздеріміз халықтың бойына рух беріп, қайратына жігер қосып келеді. Баршаларыңызды бүгінгі қастерлі рәміздер күнімен құттықтаймын!

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Алтынбек НУХҰЛЫ

ramizder

 
">