Перейти к содержимому страницы.

31 МАМЫР – САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ

31.05.2020

Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары басталып, отызыншы жылдарға ұласқан алапат аштықтан қазақ халқының 40 пайызға жуығы опат болды. Аштықтың негізгі себебі кеңес үкіметінің ұжымдастыру саясатының нәтижесі екендігі белгілі. Тарихшылар мен демографтар егер сол кезде аштық болмағанда қазақ халқының 60 миллионға жуық болу мүмкіндігін айтады. Осыған қарап-ақ аштық зауалының бір елдің болашағына қаншалықты балта шапқандығын аңғаруға болады. Сол жылдары ел-жұрт туған жерлерінде, өз атамекендерінде аштан өлсе, көбі шекаралас мемлекеттерге еріксіз көшуге мәжбүр болды.

ХХ ғасырда халқымыздың басына төнген тағы бір ауыр азаптардың бірі – кеңес үкіметінің саяси репрессия науқаны еді. Отызыншы жылдары басталған бұл зұлмат кеңес үкіметі құлағанша жалғасты деп айтуға болады. 1937-38 жылдары ұлттың зиялылары мен оқығандарын түгелге дерлік, сотсыз, тергеусіз ату жазасына кесті, мал-мүлкін тәркіледі, қуғындады, жан түршігерлік азаптарға толы лагерьлерге қамады. Халық Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов сияқты көсемдерінен айырылды. Кеңес үкіметі тұсында олардың ешқайсының аты аталған жоқ. Тек Тәуелсіздік жылдары ғана тарихи зерттеулер жүргізіліп, қуғын-сүргін құрбандары еске алынып, тарихи баға берілу жұмыстары жүруде.

Бүгінгі ұрпақ әр жылдың 31 мамыр күні өткен тарихындағы осындай азапты күндерді күрсініспен еске алады. Қазақ халқының тарихындағы осыншама азап алдағы уақытта дүниежүзі алдында геноцит ретінде бағаланары сөзсіз.

repression

repression2

repression3

repression4

repression5

repression6

repression7

 

">