Перейти к содержимому страницы.

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН КЕМШІЛІКТЕРІ

27.04.2020

Артықшылығы:

1.Кез-келген уақытта білім алу мүмкіндігі. Қашықтан оқытылатын студент, семестр төңірегінде материалды меңгеруге қашан және қай уақытта кірісетінін өздігінше шеше алады. Өзіне жеке оқу кестесін құрастырады. Кейбір білім беру мекемелері студенттерге оқуын ұзақ уақытқа кейінге қалдыруға және қайтадан білім алуына ақы төлеусіз оралу мүмкіндігін береді.

2. Өз қалауыңыз бойынша білім алу мүмкіндігі

Білімалушыларға қатарластарымнан артта қаламын деп қобалжудың қажеті жоқ. Сіз әрқашан күрделі мәселелерді зерттеуге қайта орала аласыз, бірнеше рет видео дәрістерді көре аласыз, оқытушымен хат алмасып және оны қайта оқи аласыз, өзіңізге белгілі тақырыптарды өткізіп жібере аласыз. Ең бастысы - аралық және қорытынды аттестациядан сәтті өту.

3. Кез-келген жерде білім алу мүмкіндігі

Студенттер үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, әлемнің кез-келген жерінде оқи алады. Оқытуды бастау үшін сізде Интернетке қосылған компьютер болуы керек. Күн сайын оқу ордасына бару қажеттілігінің болмауы, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін, қол жетімсіз жерлерде тұратын, басбостандығынан айырылып жазасын өтеп жатқан адамдар, кішкентай балалары бар ата-аналар үшін белгілі бір қосымша болып табылады.

4. Негізгі жұмысыңызға кедергісіз оқу

Сіз жоғары білім қашықтықтан бір уақытта бірнеше курста оқып ала аласыз. Ол үшін негізгі жұмыс орнында демалыс алу, іссапарларға шығу міндетті емес. Компания қызметкерлері мен мемлекеттік қызметкерлер үшін корпоративті оқытуды (біліктілікті арттыру) ұйымдастыратын білім беру ұйымдары бар. Бұл жағдайда оқу еңбек өтіліне кедергі келтірмейді және меңгерген сұрақтарды бірден жұмыста қолдануға болады.

5. Оқудың жоғары нәтижелері

Американдық ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, қашықтықтан оқыту нәтижелері дәстүрлі білім беру нәтижелерінен кем түспейді, тіпті, одан да жоғары. Қашықтықтан білім алушы оқу материалдарының көпшілігін өз бетінше оқиды. Бұл тақырыптарды есте сақтау мен түсінуді жақсартады. Ал білімді практикада, жұмыста бірден қолдана білу олардың білімдерін бекітеді. Сонымен қатар, оқу үрдісінде жаңа технологияларды қолдану оны қызықты ете түседі.

6. Мобильділік

Мұғалімдермен, репетиторлармен байланыс әр түрлі жолдармен жүзеге асырылады: on-line және off-line. Электрондық пошта арқылы тәрбиешімен кеңесу кейде жеке немесе сырттай кездесуден гөрі тиімді және жылдамырақ болады.

7. Қашықтан оқыту арзан

Егер бір мамандық бойынша оқуды коммерциялық негізде жеке және қашықтықтан салыстыратын болсақ, онда екінші арзан болады. Студент жол жүру, тұру ақысын төлеудің қажеті жоқ, ал шетелдік ЖОО-да виза мен төлқұжатқа ақша жұмсаудың қажеті жоқ.

8. Жайлы жағдайда оқу

Қашықтықтан білім алушылардың аралық аттестациясы  on-line тест түрінде өтеді. Сондықтан студенттерде оқытушылармен тест және емтихандарда кездесуде алаңдауға негіз жоқ. Субъективті бағалау мүмкіндігі жоққа шығарылады: тест сұрақтарына жауаптардың дұрыстығын тексеретін жүйе оқушының басқа пәндердегі үлгеріміне, оның әлеуметтік мәртебесіне және басқа факторларға әсер етпейді.

abai

Кемшіліктері:

1. Жаңа форматқа көшудегі қиындықтар, бейвербалды жағдайда әңгімелесушіні түсінудегі жайсыздық.

2. Күшті мотивация қажет.

Қашықтан білім алушы студент барлық оқу материалдарын дербес оқиды. Бұл ерік-жігер, жауапкершілік пен ұстамдылықты талап етеді. Сыртқы бақылаусыз оқудың қарқыны төмендейді.

3. Қашықтықтан білім беру коммуникативтік икемділікті дамыту үшін қолайсыз. 

Қашықтықтан оқыту кезінде студенттердің бір-бірімен және оқытушылармен жеке байланысы аз болады. Сондықтан оқытудың бұл формасы сыпайылықты, сенімділікті, командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуға жарамайды. 

4. Практикалық білімнің болмауы

Көптеген практикалық сабақтарды қамтитын мамандықтар бойынша оқыту қашықтықта қиынға түседі. Тіпті, ең заманауи тренажерлар болашақ дәрігерлерге немесе мұғалімдерге тәжірибені алмастыра алмайды.

5. Компьютерлік сауаттылықтың жеткіліксіздігі

Негізінен, оқытушылар құрамының аға буыны қашықтан оқыту технологиясын меңгеруде қиындықтар туындайды.

6. Шалғай өңірлердің қашықтығы

Қазақстанда шалғай аудандарда қашықтықтан оқытуға ерекше қажеттілік туындайды. Алайда, оқығысы келетіндердің көбісінде интернетке қосылған компьютер жоқ.

 

">