Перейти к содержимому страницы.

ҚАДІРЛІ АНАЛАР, АЯУЛЫ ӘПКЕ-ҚАРЫНДАСТАР! ҚҰРМЕТТІ ПМПУ ҰЖЫМЫНЫҢ НӘЗІК ЖАНДЫЛАРЫ!

05.03.2020

Жылдың ең әсем, ең көркем, шуақты мерекесі 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен баршаларыңызды шын жүректен құттықтаймын! Әрқайсыңызға таудай бақ, таусылмас байлық, бақытты ғұмыр тілеймін! Отбасыларыңыз аман болып, дендеріңіз сау болсын! Құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз нұрға, өмірлеріңіз қуанышқа толы болсын! Жыл құсымен бірге келіп, көктемнің самал лебін ең алғаш әкелетін бұл мейрам – әрқашан жарқын көңіл мен жақсылықтың лебіндей. Әр жыл сайын күллі әлем әсемдік пен шаттықтың мерекесі ретінде бұл күнді асыға күтеді. Өмірдің барша бақыты мен жағымды жақсылықтарын тілеймін! Армандарыңызға жетіп, отбасы бақытына бөленіңіздер! Сіздер еліміздің ұрпағын өмірге әкеліп, ұлтымыздың болашағын қалайсыздар! Еліміздің барша аяулы жандарын көктем мерекесімен, әсемдік пен шаттықтың мейрамымен ыстық ықыласпен құттықтаймын!

Ізгі ниетпен,

ПМПУ ректоры Алтынбек Нұхұлы

">