Перейти к содержимому страницы.

ҚАДІРЛІ ӘРІПТЕСТЕР!

20.03.2020

Сіздерді халқымыздың қастерлі мерекесі, Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Әз-Наурыз күні халқымыз бір-біріне жақсы тілек айтып, жүректеріне мейрім тұндырып, бірін-бірі кешіріп, жасампаздыққа ұмтылады. Күн мен түн теңеліп уақыт ағыны жаңа кезеңге көшеді. Ұлы мереке Сіздерге жағымды жаңалықтары және таусылмас қуаныштарымен келсін! Істеріңізге сәттілік, еңбектеріңізге табыс, бақ-береке мен зор денсаулық тілеймін! Елімізден құт-береке арылмай, әрқашан бейбітшілік болып, шуақты күндерді қарсы ала берейік.
Елдегі төтенше жағдайға байланысты қашықтықтан оқуға көшкен университет және колледж студенттеріне, магистранттар мен докторанттарға сапалы білім мен ғылымның нәрін беруге атсалысып жатқан педагог-ұстаздарымызға, жалпы университетіміздің толық құрамына, әріптестеріме мың алғыс айтқым келеді. Талай қиындықты жеңген халқымыз бұл жағдайды да еңсереріне Алла нәсіп етсін. Ол үшін бірлік пен жауапкершілік қажет. Барша халыққа амандық, саулық тілеймін. Ақ мол болсын! Ұлыс оң болсын!

Ізгі ниетпен, А. Нухұлы

">