Перейти к содержимому страницы.

ҚҰРМЕТТІ ТҮЛЕКТЕР!

03.06.2020

ҚҰРМЕТТІ ТҮЛЕКТЕР!

Сіздерді мектеп бітірулеріңізбен құттықтаймын!
Қуанышты күнмен қатар өмірлеріңізде маңызды сәт те келді: өмір жолын таңдап, болашақ мамандық иесі атануға дайынсыздар. Алдарыңызда сан тарау жолдар мен мүмкіндіктер бар. Ендігі міндет – болашақ кәсіпті таңдау.
Уақыт тағы бір рет мұғалім кәсібінің мәртебелігін, жоғары сұранысқа ие екендігін көрсетті. Мемлекет білім беру саласына аса қатты көңіл бөлуде. «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданып, мұғалімдердің жалақысы көтерілді. Педагогикалық университеттерді үздік мектеп түлектері үшін тартымды етуге бағытталған өзгерістердің маңыздылығы туралы жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасында айтылған болатын. Педагогикалық мамандықтар бойынша білім беру гранттарын қаржыландыру көлемін ұлғайту, болашақ мұғалімдерге арналған шәкіртақыны көбейту, жаңа жатақханалар салу – жуыр арада жүзеге асырылатын жаңа реформалар болмақ.
Жаңа заманның сұранысына жауап бере отырып, біз Назарбаев Университетінің үлгісіндегі жаңа ұрпақтың инновациялық университетін құрудамыз. ПМПУ-да мемлекеттік білім стандарттарына сәйкес жоғары сапалы оқытуға кепілдік беретін, оқу процесінде қолданылатын заманауи инновациялық технологиялар негізінде көп деңгейлі білім беру жүйесі сәтті қолданысқа енгізілуде.
Біздің университетті таңдай отыра дұрыс қадам жасайсыз деп ойлаймын. Сіздерге сәттілік тілей отыра, оқу ордамызға түсуге шақырамын!

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Алтынбек НУХҰЛЫ

vypysknoy

 
">