Перейти к содержимому страницы.

«ДАРЫНДЫ ҒАЛЫМ, ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ» Е. БЕКМАХАНОВТЫҢ 105 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ

05.03.2020

Е.Бекмаханов атындағы ғылыми кітапханада тарих ғылымдарының тұңғыш докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, жерлесіміз Ермұхан Бекмахановтың туғанына 105 жыл толуына арналған «Дарынды ғалым, ұлағатты ұсстаз» атты тақырыптық кеш өтті. Кеш басталмас бұрын көрермендер Қазақстанның көрнекті тарихшысына арналған «Ғибратты ғұмыр» кітап көрмесімен танысты. Кеш барысында студенттерге гуманитарлық Жоғарғы мектебінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Күзембаев Нүркен Ерболұлы сөз сөйледі. Ол көрермендерге белгілі тарихшы-ғалымның қиын өмірі туралы, Бекмахановтың Қазақстан тарих ғылымына қосқан үлесі туралы айтып берді. 50-жылдардағы саяси қуғын-сүргін кезеңіндегі Бекмахановтың сот ісін қайта құру және Гулаг лагерінде отырған әйелі Ермұханмен хат алмасу оқиғалары көрермендер қызығушылығын туғызды. Жиналғандар «Руханаи жаңғыру» бағдарламасы аясында іске жатқан «Ертіс-Баян өңірінің 100 тарихи тұлғасы» фильмдер сериясы бойынша жасалған фильмді, ПМПУ ректоры Алтынбек Нухұылының ғалымның жесірі Халима апамен кездесуі туралы роликті, ғылымикітапханадағы ғалым туралы ерекше құжаттар мен кітаптарды, сот шешімінің түснұсқасын тамашалуға мүмкіндік алды. Кеш барысында Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің студенттері Ахтанов Тимур, Елтінов Қайырхан, Елемес Берік, Кішкене Мұратбек, гуманитарлық Жоғарғы мектебінің студенттері Жакенова Диана, Сницар Дмитрий, Тембаев Әкежан, Кенжебалина Айман және педагогика Жоғары білім мектебінің студенті Алпысбай Жұлдыз жан-жақты және қызықты баяндамалар жасады. Іс-шара музыкалық нөмірлермен әрленді. 

пш

ро

шщз

ршщывап

">